2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 34 сәйкестік аудитін жүргізді. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 4,55 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 872,83 млн теңгесі бюджет кірісіне өтелуге жатады. Сонымен қатар, 4,43 млрд теңге көлемінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Өткізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде аудит объектілеріне 33 Нұсқама берілді. Есепті күнге дейін осы нұсқамалардың орындалуы аясында 2,96 млрд теңге қаржылық бұзушылықтар жойылды (яғни қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 65%-ы), 33 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8,9 млн теңге айыппұл салынды, оның 7,8 млн теңгесі бюджетке өндірілді.
Сонымен қатар, 4 аудит материалы процестік шешімдерін қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.