Меню

Страницы

Статья

Артық төлемнен – тәртіпке: Департамент тексерісі қаржылық әділдікті қалпына келтірді.

          2025 жылға арналған нысандар тізбесін іске асыру шеңберінде Департамент Улытау ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жан-жақты аудит жүргізді. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, әрбір теңге халық игілігіне жұмсалуға тиіс салада да қаржылық салғырттыққа жол берілген.

                 Ревизия барысында негізсіз еңбекақы төлеу және артық төлем жасау деректері анықталып, олардың жалпы сомасы 882,3 мың теңгені құрады. Сонымен қатар артық іссапар шығындары – 328,8 мың теңге мөлшерінде тіркелді. Ең алаңдатарлығы – сыйақы беру ережелерінің бұзылуы: кредиторлық берешек өтелмегеніне қарамастан, мекеме қызметкерлеріне 1 миллион 404 мың теңге көлемінде сыйақылар төленген.

        Бұдан бөлек, аудит мемлекеттік сатып алулар саласындағы олқылықтарды да анықтады. Мекеме өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты заңда көзделген шараларды қабылдамаған. Төрт жағдай бойынша мұндай мердігерлер адал емес қатысушылар ретінде танылмаған.

          Соған қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында анықталған 2 миллион 615,1 мың теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтар толығымен бюджетке өтелді. Сонымен бірге, мекеме басшысына қатысты әкімшілік іс қозғалып, төрт хаттама бойынша жалпы сомасы 236 мың теңге айыппұл салынып, ол да өндірілді.

          Бұл жағдай — бюджет қаражатын тиімді пайдалану ісінің мемлекеттік маңызы бар екенін айқын дәлелдейді. Әрбір теңге қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс, жауапсыздық көлеңкесінде жоғалмауы керек.

Дата публикации
03 ноября 2025
Дата обновления
03 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы