Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 34 млрд теңгеден астам қаражатты қамти отырып, 51 аудиторлық іс-шара өткізді.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 27,1 млрд теңгеге (жалпы қамтудың 61,3%) бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 7,6 млрд теңгені құрайды.

Бұл ретте қаржылық бұзушылықтар сомасының ұлғаюына қарамастан, рәсімдік бұзушылықтардың төмендеуі байқалады, бұл қаржылық есептілік аудитін қоса алғанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелге бағдарланған тәсілдің тиімділігін растайды (бұзушылықтардың басым бөлігі ағымдағы шығыстарды жүзеге асыру және инвестициялық және концессиялық жобаларды іске асыру кезінде жіберілді).

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында аудит объектілеріне 44 нұсқама және 41 ұсыным енгізілді (орындалуы тиісінше 69% және 49%).

Қабылданған шаралармен 6,5 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар жойылды, оның ішінде бюджетке – 111,8 млн теңге өтелді, тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен – 43,6 млн теңге қалпына келтірілді, есепке алу бойынша көрсетілді – 6,3 млрд теңге. 

46 млн теңгеге 424 әкімшілік іс қозғалды, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндірілді.

Мемлекеттік сатып алуларды камералдық бақылау аясында 2,6 трлн теңге сомасындағы 49 мыңнан астам рәсім қамтылды.

25 млрд теңге сомасына 1,1 мың рәсімдегі бұзушылықтардың алдын алды.

Департамент тарапынан ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнамалық бұзушылықтарды анықтау туралы 1 096 хабарлама жолданды (жүйелік бұзушылықтарға әлі де негізсіз біліктілік талаптарды белгілеу және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы сақтамау жатады).

Арнайы көңіл қашықтан аудитті қолдануды кеңейтуге аударылған. Осы мақсатта цифрлық және превентивті аудит құралы – «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі белсенді пайдаланылуда, ол әлеуметтік сала ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы ретінде бюджет төлемдерін қадағалауға және тәуекелді және қалыптан тыс ақшалай аударымдарды анықтауға мүмкіндік береді.

Мониторинг нәтижесінде әлеуметтік объектілерге тәуекелді төлемдер туралы 226 хабарлама жолданды, жалпы сомасы 1,2 млрд теңге. Оның ішінде негізсіз жалақы төлеу тәуекелдері 64,3 млн теңге сомасында расталды.

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде алдын алу және тоқтату үшін цифрлық аудит құралдарын пайдалана отырып, бюджеттік қаражаттарды тиімді және негізді пайдалану деңгейін арттыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Дата публикации
31 октября 2025
Дата обновления
31 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы