Меню

Страницы

Статья

Ұлытаудағы камералдық бақылау: 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ашықтық, заңдылық және жауапкершілік

Мемлекеттік сатып алу саласында ұсақ-түйек деген болмайды – әрбір көрсеткіш, әрбір құжат бюджет қаражатының қаншалықты тиімді және адал жұмсалып жатқанын көрсетеді. Сондықтан да камералдық бақылау – ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып қала береді.

Аталған жұмыстың басты мақсаты – бұзушылықтардың алдын алу және тапсырыс берушілерге оларды өздігінен жоюға мүмкіндік беру, яғни жазалау емес, заң талаптарын дер кезінде сақтау мәдениетін қалыптастыру.

2025 жылдың тоғыз айында Камералдық бақылау бөлімі жалпы сомасы 181,45 млрд теңге болатын 5659 лотты қамтыды. Тексеру нәтижесінде 8,44 млрд теңге сомаға тең 690 лот бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша нысандарға бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданды, алайда олардың 6-уы белгіленген мерзімде орындалмаған.

Хабарламаларды уақтылы орындамаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда жазаның бұлтартпастығын тағы бір рет дәлелдейді.

Анықталған бұзушылықтардың құрылымы төмендегідей:

  • 56 хабарлама – бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен сатып алу бойынша;
  • 337 хабарлама – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бойынша;
  • 297 хабарлама – ашық конкурс тәсілімен сатып алу бойынша.

Ең жиі кездесетін бұзушылықтарға – бір көзден сатып алу тәсілін негізсіз қолдану, баға ұсыныстарын сұрату кезінде тауар белгілерін көрсету, сондай-ақ техникалық ерекшеліктердің мемлекеттік тілде орналастырылмауы мен сатып алынатын тауарларға стандарттардың көрсетілмеуі жатады.

Департамент мамандарының айтуынша, мұндай бұзушылықтар формалды мәселе емес – олардың артында сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасының төмендеу қаупі және мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалану тәуекелі тұр.

«Біздің мақсатымыз – тек қателіктерді анықтау емес, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар арасында заңдылық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыру. Әрбір мемлекеттік сатып алу әділ, сауатты және заң талаптарына сай өтуі тиіс», - деп атап өтті Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері.

Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында департамент мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістер мен толықтыруларды тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушыларға тұрақты түрде түсіндірме жүргізу.

Осылайша, камералдық бақылау – тек бұзушылықтарды анықтау құралы ғана емес, сонымен қатар азаматтар мен бизнестің мемлекеттік сатып алу жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған тиімді алдын алу тетігіне айналып отыр.

Дата публикации
30 октября 2025
Дата обновления
31 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы