Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы 9 айдағы екінші деңгейдегі сапаны бақылау нәтижелері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі – ІМАД) аудиторлық іс-шара материалдарына екінші деңгейдегі сапаны бақылауды тұрақты негізде жүргізеді. Сапаны бақылаудың мақсаты – ІМАД мемлекеттік аудиторларының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі – Стандарттар) және Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

2025 жылдың тоғыз айында ІМАД аудиторлары жүргізген 288 аудиторлық іс-шара материалдары сапаны бақылаумен қамтылды, оның ішінде 16 материал Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес келмейді.

Ескеретіні, 2025 жылдың тоғыз айында ІМАД-мен анықталған 18 509 422,2 мың теңге сомасындағы бұзушылықтардың ішінен сапаны бақылаумен 1 861 314,9 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар расталмады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 839 876,6 мың теңге, ал рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1 021 438,3 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, сапаны бақылау нәтижелері бойынша қосымша 73 580,4 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 52 996,3 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 20 584,1 мың теңге.

Екінші деңгейдегі сапаны бақылауды жүргізу үшін аудиторлық іс-шараларды іріктеу мына негіздер бойынша жүзеге асырылады:

- жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік аудит объектілерінің өтініштері мен шағымдарының болуы;

 - мемлекеттік аудит органдары жүргізген аудит шараларының нәтижелерін талдау, оларды іріктеуді ТБЖ/ҚБ жүйесі арқылы жүзеге асыру;

- ҚР ҚМ Апелляциялық комиссиясының ұсынымы.

Келіп түскен өтініштер негізінде 4 аудиторлық іс-шара материалдары бойынша сапаны бақылау жүргізілді, нәтижесінде 2 аудит материалы Стандарттар мен Ережелерге сәйкес келмейтіні анықталды.

ҚР ҚМ Апелляциялық комиссиясының шешімімен аудиторлық іс-шараның 13 материалы бойынша сапа бақылауы жүзеге асырылды, нәтижесінде 6 материал Стандарттар мен Ережелерге сәйкес келмейді деп танылды.

Комитет алдын алу шаралары мақсатында ІМАД-не ай сайын сапа бақылауының нәтижелерін жібереді, тоқсан сайын шолу хаттар дайындалады, онда аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде жол берілмейтін жекелеген фактілер, сондай-ақ Стандарттар мен Ережелерді бұзған тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту көрсетіледі.

Сонымен қатар, 9 ай ішінде Стандарттардың сақталуы мәселесі бойынша 7 ІМАД-де тексерулер жүргізілді, осы тексеру шеңберінде екінші деңгейдегі сапа бақылауының қорытындыларында көрсетілген кемшіліктер мен ескертулер талқыланған ІМАД мемлекеттік аудиторларының қатысуымен техникалық оқулар ұйымдастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
30 октября 2025
Дата обновления
04 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы