2025 жылдың 9 айында Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне барлығы 2 179 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 446 өтініш (66,4%), 583 шағым (26,8%), 14 ұсыныс (0,6%) және 136 өзге де өтініштер (хабарламалар, сұраулар, пікірлер) 6,2%.
Өтініштердің жалпы санынан 221-і басқа мемлекеттік органдарға жолданды.
Өтініштердің мазмұнын талдау олардың көпшілігі мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау және құрылыс саласындағы еңбекақы төлеу мәселелеріне қатысты екенін көрсетті.
Өтініш берушілер жиі жіберетін қателіктер:
- деректерді (БСН, ЖСН) қате толтыру;
- өтініш түрін дұрыс анықтамау;
- өтініштің мәнін сипаттамау;
- өтінішті тиісті мемлекеттік органға жолдамау.
Департамент азаматтар мен бизнес субъектілерінің өтініштерін қараудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру бағытындағы жұмыстарды «тыңдайтын мемлекет» қағидаттарын іске асыра отырып жалғастырады.