Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылдың 9 айында 42 аудиторлық іс-шара өткізіп, бұзушылықтардың жалпы сомасы 38 655,2 млн.теңгені анықтады.
Бұған 4 546,0 млн.теңге мөлшеріндегі қаржылық бұзушылықтар және 34 109,2 млн. теңге мөлшеріндегі рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзушылықтар 6 570,9 млн. теңге кіреді.
Қолданылған шаралар аясында жалпы сомасы 13 409,5 млн теңге бюджетке өтеліп, қалпына келтіріліп, есепке алынып және тиісті сәйкестікке келтірілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 8,3 млн.теңге сомасына 30 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 8,3 млн. теңге сомасына бюджет кірісіне өндірілді. 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ 1 862 796,5 млн.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді. Белгіленген бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 2544 хабарлама жіберілді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік атқару саласындағы заңнамасының нормаларын сақтамау бюджетті әзірлеу мен орындаудың бұзылуына, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді пайдаланылуына әкелді.
Тиімділікті арттыру және қызметті жетілдіру үшін объектілерге квазимемлекеттік сектор мекемелері мен субъектілерінің басшыларына ұсынымдар ұсынылды. Бұл шаралар мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған.