2025 жылдың 9 айында Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 49 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Оның қорытындылары бойынша бюджет және қаржы заңнамасын бұзу фактілері анықталды.
Аудиторлық тексерулердің нәтижесінде бюджет заңнамасын бұзу фактілері жалпы сомасы 40 582,4 млн теңгеге анықталды. Тексерулер барысында қаржылық бұзушылықтар 35 330,8 млн теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 5 251,6 млн теңге көлемінде тіркелді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтамау фактілері де 3 454,7 млн теңге сомасына анықталды, оның ішінде 3 318,0 млн теңге сомасындағы бұзушылықтар өткізілген сатып алулардың нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды қалпына келтіру және өтеу жөнінде шаралар қабылданды. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 35 330,8 млн теңгені құраса, оның ішінде 34 209,0 млн теңге қалпына келтіріліп, есепке алынды.
Тексеру қорытындылары бойынша 27 ұйғарым жолданып, олардың 25 ұйғарымы толық орындалды. Тәртіптік жауапкершілікке 55 лауазымды тұлға тартылды.
Мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына камералдық бақылау шеңберінде жалпы сомасы 12 502,1 млн теңгеге 1700 хабарлама жолданды. Оның ішінде 1681 хабарлама орындалып, сомасы 12 447,7 млн теңгені құрады.
Қостанай облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаменті