Меню

Страницы

Статья

Павлодар облыстық қорғаныс департаментінде бухгалтерлік есеп жүргізуде елеулі бұзушылықтар анықталды

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиттік тексеру нәтижесінде «Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ-де мемлекеттік мүлікті есепке алу барысында заңбұзушылықтар анықталды.

Тексеру барысында мекемеде бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің және Қаржы министрлігінің №393 және №468 бұйрықтарының талаптарын бұза отырып жүргізілгені белгілі болды.

Бухгалтерлік есеп деректері мен заттай мүлікті есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттар арасында жалпы сомасы 262,3 млн теңгені құрайтын алшақтықтар анықталып, бұл 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған бухгалтерлік баланстардың бұрмалануына әкелді.

Жоспардан тыс жүргізілген түгендеу нәтижелері нақты мүлік қалдықтары мен бухгалтерлік есеп деректері арасында сәйкессіздіктер бар екенін растады. Бұл ішкі бақылаудың әлсіздігін және қаржылық есептілікті жүргізуде заң бұзушылықтардың бар екенін көрсетеді.

Тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктердің жүйелі сипатқа ие екенін және қаржылық есептің ашықтығын, дәлдігін және сенімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті.

Дата публикации
28 октября 2025
Дата обновления
30 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы