Меню

Страницы

Статья

Бір көзден сатып алу: заңнама талаптарының сақталуы және бақылау тәжірибесі

Мемлекеттік сатып алулар – мемлекеттік міндеттерді іске асыру мен бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі – тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу. Бұл тәсілді қолдану Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) нормаларын қатаң сақтауды көздейді. Кейбір жағдайларда монополияға қарсы органның қорытындысының болуына ерекше назар аудару қажет.

Заңға сәйкес, Заңның 16-бабы 3-тармағының 2), 26) және 31) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алу кезінде, нарықта ұқсас тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өндіретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жоқтығы туралы уәкілетті монополияға қарсы органның қорытындысының болуы міндетті шарт болып табылады.

Аталған тармақшалар бойынша тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайда, Тапсырыс берушілер негіздеме файлдарына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ұқсас тауарлар мен қызметтерді өндірмейтіні туралы монополияға қарсы органның қорытындысын қоса ұсынуы қажет.

Камералдық бақылау жүргізу барысында, егер 16-баптың 3-тармағының 2), 26), 31) тармақшалары бойынша негіздеме файлдарында монополияға қарсы қорытынды ұсынылмаған болса, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 10-тәуекел бейіні бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдайды.

2025 жылдың басынан бастап бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысты камералдық бақылау барысында Департамент 10-тәуекел бейіні бойынша 101 хабарлама жолдады, оның ішінде 22 жағдай – монополияға қарсы органның қорытындысы ұсынылмаған фактілерге қатысты, жалпы сомасы 497 млн теңгені құрады.

Айта кету керек, монополияға қарсы органның қорытындысы тек заңнамада тікелей көзделген шектеулі жағдайларда ғана талап етілмейді – мысалы, ұлттық қауіпсіздік органдарының немесе сайлау комиссияларының қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардан сатып алу кезінде.

Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, әсіресе монополияға қарсы органның қорытындысын алу бөлігінде, заңнамамен көзделген барлық рәсімдердің сақталуы – сатып алу процесінің заңдылығы мен ашықтығының маңызды элементі болып табылады. Бұл талаптарды сақтамау құқықтық салдарға ғана емес, өзге де келеңсіз нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Қорытындылай келе, Департамент қаржылық бақылау органы ретінде мемлекеттік ресурстардың тиімді пайдаланылуын және адал бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз етеді.

Дата публикации
22 октября 2025
Дата обновления
22 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы