ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау барысында сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан біліктілік талаптарын негізсіз белгілеудің жекелеген жағдайлары анықталды.
Мәселен, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жалпы сомасы 9 646,3 мың теңгеге энергетикалық қазандықтар мен қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу туралы хабарландыру орналастырды. Бұл ретте конкурстық құжаттамада Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талабын белгіледі-тиісті нарықта кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Алайда, бұл талап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының нормаларына қайшы келеді, оған сәйкес Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жүз мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда ғана жұмыс тәжірибесі бөлігіндегі біліктілік талабы белгіленуі мүмкін.
Сатып алу сомасы осы шекті мәннен аз болғандықтан, тәжірибенің болуы туралы талапты белгілеу негізсіз болып табылады және қолданыстағы заңнаманың нормаларын бұзады. Осыған байланысты мұндай талап конкурстық құжаттамадан алынып тасталуы тиіс.
Артық немесе заңсыз біліктілік талаптарын белгілеу адал қатысушылардың сатып алуға қолжетімділігін шектейді, теңдік және ашық бәсекелестік қағидаттарын бұзады, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларына әкеп соғуы мүмкін.
Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.