Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында бюджеттің едәуір бөлігі жалақы төлеуге бағытталады, бұл өз кезегінде мониторинг жүргізу кезінде ерекше назарды талап етеді.
Әлеуметтік салада жүргізілген мониторинг жалақыны негізсіз есептеу жағдайларының бар екенін көрсетеді. Мұндай жағдайлар штат санын жасанды түрде көбейту, нақты орындалмаған жұмыс үшін төлем жасау, сондай-ақ ынталандыру төлемдерін бөлу механизмдерінің нақты болмауы арқылы көрінуі мүмкін. Бұл бюджет қаражатын негізсіз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді және бақылауды күшейтуді талап етеді.
Бүгінгі таңда Департамент тарапынан барлық салалар бойынша жалпы сомасы 1 275,5 млн теңге болатын тәуекелді төлемдерге қатысты 226 хабарлама жолданып, оның 56,1 млн теңгесі мемлекет кірісіне өтелді. Сонымен қатар анықталған бұзушылықтар негізінде Департаментпен 4 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Онлайн-мониторинг жүйесі жалақыны есептеу және төлеу бойынша деректерді бақылауға, оларды кадрлық көрсеткіштермен және мекемелердің нақты қызметімен салыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл сәйкессіздіктерді уақытылы анықтауға және негізсіз шығыстардың алдын алуға ықпал етеді.
Аталған құралдың арқасында мемлекеттік бюджет жүйесіне деген сенімді арттыруға, қаражатты әділ бөлуге және жалақыны шынымен өз жұмысын атқарып, білім беру, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген қызметкерлердің алуына кепілдік беруге болады.
Департамент жалақыны негізсіз есептеу фактілерін анықтау және жою бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Мұндай шаралар бұзушылықтарды дер кезінде жоюға және бюджет қаражатының мақсатты әрі негізді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.