Меню

Страницы

Статья

Бизнесті қорғау: Қазақстанда инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктер қалай күшейтілді

Инвестициялық ахуалды нығайту және кәсіпкерлердің құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бизнеске әкімшілік қысымды төмендетуге бағытталған маңызды заңнамалық өзгерістер енгізілді.

2025 жылдан бастап заңнамаға инвестор мәртебесіне ие субъектілерге қатысты әкімшілік хаттама тек прокуратура органдарымен алдын ала келісілген жағдайда ғана толтырылады деген норма енгізілді.

Бақылаушы органдар инвестор тарапынан заң бұзушылық белгілерін анықтаған жағдайда, олар бірден әкімшілік хаттама толтыруға құқылы емес – әрбір жағдайда прокуратура органдарының мақұлдауы қажет. Мұндай келісімсіз әкімшілік жауапкершілікке тарту процесі басталмайды.

Бұл шара тексеруші органдардың жұмысында ашықтық пен объективтілікті арттыруға, сондай-ақ инвесторларды кейбір лауазымды тұлғалардың шамадан тыс әрекеттері мен формалды көзқарастарынан қорғауға бағытталған.

Жаңа норма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестор мәртебесіне ие жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді. Аталған заңнамалық норманың енгізілуі инвесторлардың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтіп, елдегі бизнес-ортаның тұрақты әрі сенімді болуына ықпал етеді.

Дата публикации
18 октября 2025
Дата обновления
18 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы