Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдерінің бірі – баға ұсыныстарын сұрату тәсілі болып табылады.
Бұл тәсіл біртектес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін қолданылады, егер сатып алудың жылдық көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) сегіз мың еселік мөлшерінен аспаса. Бұл ретте жеткізушіні таңдаудың негізгі критерийі – баға болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында тиісті ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға міндетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта келесі жағдайларды қоспағанда, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды, патенттерді, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, тауардың шыққан жерін және өндірушісін, сондай-ақ нақты әлеуетті жеткізушіге тиесілі тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларды көрсетуге жол берілмейді:
2025 жылдың басынан бастап камералдық бақылау барысында Департамент баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу кезінде заңнамаға қайшы, көрсетуге тыйым салынған мәліметтердің 248 миллион теңгеге 40 жағдайын анықтады.
Аталған әрекеттер №9 тәуекел бейініне жатады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Тауар белгілерін және нақты жеткізушіге тікелей немесе жанама түрде нұсқайтын өзге де сипаттамаларды көрсету бәсекелестікті шектейді, адал қатысушыларды шеттетеді және сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің құнының негізсіз өсуіне алып келеді.
Бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын қатаң сақтау, сатып алу нысанын дұрыс сипаттау және барлық әлеуетті жеткізушілер үшін тең жағдай жасау ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау үшін жауапкершілік – әрбір тапсырыс берушінің міндеті.