Меню

Страницы

Статья

Астанада Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне аудит жүргізілді: 16 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылықтар анықталды

2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Астана қаласы Мәдениет басқармасының бағынысты ұйымы – Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қаржылық есептілік аудитін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – қаржылық есептіліктің сенімділігін растау.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 16 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

  • 0,7 млн теңге аудит барысында қалпына келтірілді;
  • 15,4 млн теңге бухгалтерлік есеп арқылы қалпына келтірілуі тиіс.

Негізгі бұзушылықтар негізгі құралдарды есепке алуға қатысты, оның нәтижесінде олардың дұрыс есепке алынбауы қаржылық есептілік деректерінің 11,6 млн теңгеге бұрмалануына әкелді. Атап айтқанда, негізгі құралдар бухгалтерлік есептің дұрыс емес шоттарында есепке алынды, бұл «Негізгі құралдар» және «Активтердің амортизациясы» тармақтарындағы көрсеткіштердің артуына себеп болды.

Сонымен қатар, мүлікті қалдықтық құны бойынша есепке алу, түсімдерді дұрыс рәсімдемеу, амортизацияны толық есептемеу және жинақталған қаржылық нәтижені төмендету фактілері анықталды, бұл мекеменің өз капиталының көлеміне әсер етті.

Аудит қорытындысы бойынша мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұсыным жолданды. Қазіргі уақытта мекеме тиісті түзетуші бухгалтерлік өткізбелерді енгізу арқылы 15,4 млн теңгені қалпына келтірді.

Қаржылық есептіліктің бұрмаланғаны фактісі бойынша мекеме лауазымды тұлғасына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 238-бабының 1-бөлімінің 2-тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Дата публикации
18 октября 2025
Дата обновления
18 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы