Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2025 жылдың 9 айындағы аудиторлық қызметінің қорытындысы

Аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Департамент тарапынан 2025 жылдың 9 айында барлығы 53 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, 20 млрд 484,8 млн теңге қаражат қамтылды. Нәтижесінде 12 млрд 093,8 млн теңгеден астам сомаға заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

  • бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтары — 11 млрд 803,2 млн теңге немесе 97,6% (қаржылық және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар);
  • мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары — 290,6 млн теңге немесе 2,4%.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінен 6 млрд 790,0 млн теңге бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және бухгалтерлік есепте көрсетуге жатады, оның ішінде:

  • өтеуге — 1 млрд 218,0 млн теңге;
  • қалпына келтіруге — 4 млрд 747,4 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетуге — 824,6 млн тенге.

Департаменттің қабылдаған ден қою шаралары нәтижесінде:

  • бюджетке өтелгені — 889,9 млн теңге;
  • қалпына келтірілгені — 4 млрд 373,2 млн теңге;
  • бухгалтерлік есепте көрсетілгені — 824,6 млн теңге.

Осылайша, барлығы 6 млрд 087,7 млн теңге немесе 89,7% көлемінде бұзушылықтар жойылды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 247 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 44,0 млн теңге айыппұл салынды, оның 41,7 млн теңгесі бюджетке өтелді.

Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы 52 нұсқама жолданды. Оның ішінде:

  • 40 нұсқама толық орындалды;
  • 12 нұсқаманың орындалу мерзімі әлі келмеген.

Аталған нұсқамалар негізінде 50 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2025 жылдың есептік кезеңінде, заңнама бұзушылықтары бар 8 аудит материалы (жалпы сомасы — 238,8 млн теңге) процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Қабылданған шаралар нәтижесінде, құқық қорғау органдары 6 материал бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық іс қозғап, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Дата публикации
17 октября 2025
Дата обновления
17 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы