Меню

Страницы

Статья

Карағанды обылысы бойынша 2025 жылғы 9 айдағы бюджет қаражатының нысаналы жұмсалуына мониторинг нәтижелері бойынша қорытындылары

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі шеңберінде бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізеді.

         Білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласындағы жалақы төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында тұрақты негізде тәуекел бейіндері бойынша жалақы төлеу мониторингі жүргізіледі. Тәуекел расталған жағдайда, дереу шаралар қабылдау үшін мониторинг объектісіне бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін хабардар ете отырып, ден қою–хаттар жіберіледі.

         2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ОБМ арқылы жалақы төлеу мониторингі бойынша 3020 төлем қамтылды (білім беру саласында – 2271, дене шынықтыру және спорт саласында – 310, денсаулық сақтау саласында – 241, мәдениет саласында – 198), жалпы сомасы 1,198 млрд.теңге (білім беру – 902 410,6 мың теңге, спорт – 146 481,8 мың теңге, денсаулық сақтау – 78 352,8 мың теңге, мәдениет – 70 846,9 мың теңге),  оның ішінде білім беру, мәдениет және спорт салаларында тәуекел расталған 413 төлем анықталды, жалпы сомасы 19,4 млн.теңге, оның ішінде бюджетке 13,4 млн.теңге қайтарылды, қалған сома кесте бойынша өтелуде.

         2025 жылдың тамыз айындағы «Лауазымдар бөлінісінде артық қаражатты аудару тәуекелі» бейіні бойынша жүргізілген мониторинг шеңберінде келесі бұзушылықтар анықталды:

  • Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шапағат» балалар үйі» КММ-де қызметтерді қосымша атқарғаны үшін 41,0 мың теңге мөлшерінде жалақыға 10% мөлшерінде негізсіз ерекше еңбек жағдайлары бойынша үстемеақы есептелген.
  • «Бұқар-Жырау ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ-де қызметтерді қосымша атқарғаны үшін 10% мөлшерінде ерекше еңбек жағдайлары бойынша 33,7 мың теңге, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары бойынша 35% мөлшерінде 138,0 мың теңге негізсіз үстемеақы төленген, жалпы сомасы 171,7 мың теңге.
  • Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» КММ-да қызметтерді қосымша атқарғаны үшін 10% мөлшерінде ерекше еңбек жағдайлары бойынша 9,7 мың теңге, сондай-ақ хатшы қызметінің 0,25 ставкасы бойынша 23,5 мың теңге және оқу-тренаждық процестерге қатысу үшін 60% мөлшерінде 37,5 мың теңге негізсіз төлемдер анықталды, жалпы сомасы 70,7 мың теңге.

         Аталған бұзушылықтар бойынша мекемелерге хаттар жіберілді. Негізсіз төлемдер толық көлемде бюджет кірісіне қайтарылды.

 

 

Дата публикации
16 октября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы