Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылы жүргізілген инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту аудитінің қорытындыларын шығарды.

2024 жылдың қыркүйек айында Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнаманың сақталуына аудиттік тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында келесі негізгі инфрақұрылымдық жобалар қамтылды:

- «Жарлы-Қарқаралы» топтық су құбырын салу;

- 2021 жылы басталған В. Рей көшесіндегі екі 36 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) құрылысын салу.

Аталған екі жобаның тапсырыс берушісі – Қарқаралы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізілгеннен кейін «Жарлы-Қарқаралы» топтық су құбыры құрылысының жалпы сметалық құны 3,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 2024 жылы 408 млн теңге 085 «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылды.

Аудит барысында анықталған негізгі заңбұзушылықтар:

- «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС-і тарапынан 2024 жылғы 1 ақпандағы №8 қосымша келісімшартқа сәйкес келісім-шарттың орындалуын сақтандыру қамтамасыз етілуі кеш ұсынылған, бұл мемлекеттік сатып алу талаптарының бұзылуы болып табылады;

- Қарқаралы ауданының құрылыс бөлімі тарапынан атқарылған жұмыстар актілерін (№2 нысан) ұсынбай-ақ мердігерге қаражат аударылған, бұл қаржылық бақылау талаптарын бұзады және шығындардың заңдылығына қатысты тәуекелдер туғызады;

- 2022–2024 жылдар аралығында 2,57 млрд теңгеден асатын сома бойынша жергілікті қамту үлесіне қатысты есептіліктің болмауы – бұл жергілікті ресурстарды пайдалану тиімділігі мен отандық өндірісті қолдау деңгейін бағалауды қиындатады.     

Сонымен қатар, В. Рей көшесінде орналасқан екі 36 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер құрылысын аяқтау жобасын іске асыру барысында да заңбұзушылықтар анықталды. Бұл жоба 004 «Жаңа нысандардың құрылысын салу және бар нысандарды қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Нысанның құрылысын жүргізген мердігер – «Стройсити-2030» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны 88,5 млн теңгені құрап, оның ішінде 2024 жылы 34,4 млн теңге қаржыландырылды.

Аудит нәтижесінде, тапсырыс беруші атқарылған жұмыстар актілері бойынша 5% міндетті резервті ұстамағаны анықталды, бұл мердігер алдындағы кредиторлық берешектің негізсіз 864,2 мың теңгеге артық көрсетілуіне алып келді.

Аудит аясында Қарқаралы қаласындағы бөгетке іргелес аумақтарды абаттандыру және қайта жаңғырту жобасы да қамтылды. Бұл жоба 085 «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылды.

Аталған жобаның тапсырыс берушісі – Қарқаралы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі.

Жобаның жалпы бюджеті 473 млн теңгені құрады, оның ішінде 2024 жылы 52,6 млн теңге бөлінген.

Тексеру барысында «Ғимарат KZ» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты келесі заңбұзушылықтар анықталды: 2023 жылғы 25 мамырдағы №30 құрылыс жұмыстары туралы шартта (сомасы – 478 688,0 мың теңге) нысанды пайдалану мерзіміне қатысты міндетті кепілдік мерзім көрсетілмеген;  136 млн теңге мөлшеріндегі аванстық төлем тапсырыс беруші тарапынан мердігерге 5 күнге кешігіп аударылған; 31,3 млн теңге мөлшеріндегі аванстық төлем резерві барлық жұмыстар аяқталып, қабылдау актілері (қабылдау-пайдалануға беру актілері) толтырылмай тұрып мердігерге қайтарылған.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалған көлемін №2 нысан бойынша орындалған жұмыстар актілерінде көрсетілген деректермен салыстыру нәтижесінде, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 8,9 млн теңге көлемінде негізсіз төлем жасалғаны анықталды.

Осылайша, жүргізілген тексерулер нәтижесінде анықталған қаржылық заңбұзушылықтар бойынша сомалар мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатқызылды.

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
16 октября 2025
Дата обновления
16 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы