Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 54 аудиторлық іс-шара өткізді. Қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 38,5 млрд. теңгені құрады.
Тексеру барысында жалпы сомасы 13,4 млрд. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі заңнаманың бұзушылықтары анықталды. Оның ішінде:
2,7 млрд. теңге - қаржылық бұзушылықтар;
10,7 млрд. теңге - процедуралық сипаттағы бұзушылықтар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтарды жою үшін департамент шаралар қабылдады, нәтижесінде 2,5 млрд. теңге сомасына бюджет қаражатын қалпына келтіруге және өтеуге мүмкіндік туды.
Ағымдағы жылы 59 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар 1-і қызметінен босатылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою және бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында департамент 46 нұсқама жіберді. Есепті күнге орындау мерзімі 38 нұсқама бойынша келді, олардың барлығы толық орындалды.
Аудит барысында анықталған бұзушылықтарға жүргізілген талдау бірқатар объектілерде жалақыны есептеу және төлеу тәртібін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді бұзуға жүйелі түрде жол берілетінін көрсетеді. Сонымен қатар, нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын аудару фактілері тіркелді. Мұндай бұзушылықтар бюджеттік тәртіптің сақталуына бақылауды күшейту және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін айғақтайды.