ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың III -тоқсанында жалпы сомасы 217 млрд. теңгені құрайтын 19 мыңнан астам сатып алулар рәсімін камералдық бақылаумен қамту қамтамасыз етілді.
Нәтижесінде, 29 млрд. теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 1350 хабарлама жіберілді.
Талдау көрсеткендей, жиі кездесетін бұзушылықтарға стандарттарды көрсетпеу, мерзімдерді көрсетпеу, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын орналастырмау, заңда көзделмеген жағдайларда үлгілерді, тауар белгілерін және қызмет көрсету белгілерін көрсете отырып, сатып алу затына сай дұрыс емес демингтік көрсеткішті белгілеу және басқа бұзущылақтар табылады.
Тікелей шарт жасау арқылы бір көзден сатып алуды жүзеге асырған жағдайда тапсырыс берушілер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі No 106-VIII ҚР Заңының 16-бабында көзделген тиісті негіздерсіз бұл әдісті таңдауға жиі жол береді.
Жекелеген жағдайларда, хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 35 іс қозғалған.