Меню

Страницы

Статья

Амангелді ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

2025 жылдың 8 қазанында Қостанай облысы Амангелді ауданында мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарының сақталуына қатысты семинар өтті.

Іс-шараға Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Қайролла Нұрмұқанов пен Амангелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев қатысты.

Семинар барысында Қайролла Нұрмұқанов Департамент тарапынан 2024 жылы және 2025 жылдың алғашқы 8 айында Амангелді ауданында жүргізілген аудиторлық іс-шаралар мен камералдық бақылау нәтижелеріне тоқталды. Анықталған бұзушылықтар мен оларды болдырмау жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қ. Нұрмұқанов жұмыс барысында туындайтын мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және Әдеп кодексі талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болды.

Дата публикации
10 октября 2025
Дата обновления
10 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы