Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің 9 ай қорытындысы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мониторинг объектілері бойынша 3896 тәуекел қаралып, жалпы сомасы 2,08 млрд теңгені құрайтын 276 хабарлама жолданып жалпы сомасы 51,5 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Қазіргі таңда 100% бюджетке өтелді. Атап айтқанда:
- Денсаулық сақтау саласы бойынша 149 тәуекел қаралып, 110,4 млн теңгені құрайтын 18 хабарлама жолданды.
- Білім саласы бойынша 3543 тәуекел қаралып, 1,85 млрд теңгені құрайтын 221 хабарлама жіберілді.Нәтижесінде 37,1 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.Бюджетке келтірілген шығын толығымен өтелді. Мониторинг қорытындысы бойынша 1 мектеп директорына «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара, 16 қызметкерге «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылып, 1 қызметкер жұмыстан босатылды.
- Мәдениет және спорт саласы бойынша 204 тәуекел қаралып, 121,1 млн теңгені құрайтын 37 хабарлама жолданды.Нәтижесінде 14,4 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.Келтірілген шығын бюджетке толығымен өтелді. Мониторинг қорытындысы бойынша 1 бас есепшіге «қатаң сөгіс» және 1 бас есепшісіне «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.
Ал 1,98 млрд теңгеге жалпы көрсетілген тәуекелдер бойынша тексерулер толық көлемде жүргізілді. Нәтижесінде, бұл сомалар қызметкерлердің тиесілі еңбек демалысы төлемі мен жалақысы екендігі, сондай-ақ кейбір ЖСН деректері жеке және жұмыс уақыттары дұрыс көрсетілмей бюджетке кері аударылғандығы анықталды.
Қалған 50,6 млн теңгеге жолданған сұраныс хаттар бойынша мекемелердің жауап беру уақыттары бар.
Жоғарыда аталған бұзушылықтарға байланысты, алдағы уақытта заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өздерінің ресми интернет-ресурстарында тиісті ақпараттарды шығарғандығын, сонымен қатар бұзушылықтар фактілері бойынша Департамент тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына және Комитеттің ресми сайтына мақала түрінде материалдар жарияланғандығын хабарлаймыз.