Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның шағымы негізінде «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-де 2024 жыл мен 2025 жылдың өткен кезеңінде жүзуден оқу-жаттығу жиындарына жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Тексеру барысында шағым хатта көрсетілген деректер ішінара расталып, 3 388 400 (үш миллион үш жүз сексен сегіз мың төрт жүз) теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің (әрі қарай - Мекеме) 2024-2025 жылдары Мекеменің жаттықтырушылары мен спортшылары Шымкент қаласына 2 мәрте жүзуден өтетін оқу-жаттығу жиындарына жіберіліп, жаттықтырушы мен спортшыларға жалпы сомасы 3 388 400 (үш миллион үш жүз сексен сегіз мың төрт жүз) теңге көлемінде іс-сапар шығындары төленген.
Тексеру барысында, Шымкент қаласы «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КММ-нің «Денсаулық» спорт клубында өткізілген оқу жаттығу жиынына Мекеменің жаттықтырушылары мен спортшылары қатыспағандығы анықталды. Бұл жағдайды Мекеменің жаттықтырушысы растады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабы 9-бөлігінің (сол кезеңдегі қолданыстағы 04.12.2008 ж. №95-IV редакциясы), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекiтiлген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 6-тармағының талаптарына қайшы іс-сапар шығындары 3 388 400 (үш миллион үш жүз сексен сегіз мың төрт жүз) теңге көлемінде қаражат негізсіз төленген.
Нәтижесінде негізсіз төленген сома мемлекет кірісіне қайтарылды. Бұған қоса, Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Мекеменің жаттықтырушысы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы негізінде кінәлі болып танылып, 2 жыл 4 айға бас бостандығынан шектелді.