Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алуда стандарттар талаптары бұзылды: Түркістан облысының Облыстық балалар ауруханасына ескерту берілді

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен «Араластырғыш» құралын сатып алуға конкурс жариялаған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті аталған сатып алуды камералдық бақылаудан өткізді. Бақылау барысында мемлекеттік сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерге қойылған талаптар жан-жақты зерттеліп, талданып, бағаланды.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттамасында талап етілетін ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың көрсетілмегені анықталды. Мемлекетаралық стандарттарға сәйкес техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде ұлттық және мемлекетаралық стандарттарды міндетті түрде көрсету қажеттігіне қайшы келеді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша «Облыстық балалар ауруханасына» мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкестендіру туралы ресми хабарлама жолданды. Қазіргі таңда мекеме тарапынан департаменттің ескертулері толық көлемде орындалып, заң талаптарына сай өзгерістер енгізілді.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алуда техникалық стандарттардың сақталуының маңыздылығын көрсетеді. Тиісті бақылау мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына ықпал етеді.

Дата публикации
30 сентября 2025
Дата обновления
15 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы