Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік сатып алуда анықталған бұзушылықтар: Түркістан облысының Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына ескерту берілді

2025 жылдың шілде айында «Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік сатып алу веб-порталында бір көзден алу тәсілімен «Көше жолдарын ағымдағы жөндеу» қызметін сатып алу жоспарланған.

Аталған мемлекеттік сатып алуға байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан камералдық бақылау жүргізілді. Бақылау барысында сатып алу сомасына, қолданылған тәсілге және заңнамалық шектеулерге қатысты мәліметтер жинақталып, талданып, бағаланды.

Жүргізілген камералдық бақылау нәтижесінде, сатып алудың жалпы құны ауылдық округтер деңгейінде бір көзден алу тәсілімен сатып алуға жол берілетін шекті мөлшерден асып кеткені анықталды. Яғни, аталған жұмыс көлемі үшін бәсекелестік тәсілдерді қолдану қажет болғанымен, сатып алу тікелей шарт негізінде бір өнім берушіден жасалған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі талаптардың сақталмауына алып келген.

Анықталған бұзушылық негізінде, «Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына» тиісті заңнамалық талаптарға сәйкестендіру туралы ресми хабарлама жолданды. Қазіргі таңда Департамент жолдаған хабарлама толығымен және тиісті дәрежеде орындалған.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде камералдық бақылаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті. Мұндай бақылау шаралары бюджет қаражатының тиімді әрі әділ жұмсалуына ықпал етеді және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиімді құрал болып табылады.

Дата публикации
30 сентября 2025
Дата обновления
15 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
12 октября 2026
«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері
Ақпарат
12 октября 2026
«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері
Ақпарат
06 октября 2026
Мемлекеттік қаржы ашықтығын арттыру: онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің 2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы