Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Түркістан облыстық камералдық бақылау нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтар

2025 жылдың шілде айында Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан мекелекеттік сатып алу веб-порталы арқылы бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен «Автомобиль» мемлекеттік сатып алуы жарияланған.

Аталған мемлекеттік сатып алуға байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Бақылау барысында ұсынылған техникалық ерекшеліктердегі талаптар жан-жақты зерттеліп, ақпараттар жинақталып, талданып, бағаланған.

Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу процесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, техникалық ерекшелікте белгілі бір автокөлік қозғалтқышының нақты атауы көрсетіліп, ол арқылы тек жекелеген өнім берушілерге ғана сай келетін талап қойылған. Мұндай талап әділ бәсекелестікті шектеп, өзге өнім берушілердің қатысу мүмкіндігін шектейді.

Осыған байланысты, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» мекемесіне мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкестендіру туралы ресми хабарлама жолданды. Нәтижесінде, аталған мемлекеттік мекеме тарапынан департамент жолдаған ескертулер толық көлемде орындалып, мемлекеттік сатып алу құжаттамасы тиісті талаптарға сәйкестендірілді.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында камералдық бақылаудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Мұндай шаралар мемлекеттік қаражаттың тиімді және заңға сай жұмсалуына оң әсерін тигізеді.

Дата публикации
30 сентября 2025
Дата обновления
15 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы