ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау шеңберінде тұрақты негізде камералдық бақылауды жүзеге асырады.
Жүргізілген бақылау барысында сатып алуды Ұйымдастырушыларға әлеуетті өнім берушілерге негізсіз біліктілік талаптарын белгілеудің жекелеген фактілері анықталды. Бір мысал – "Екібастұз қаласы торт-Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімдік ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алуға орналастырған хабарландыру. Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде материалдық ресурстар түріндегі әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар белгіленген.
Ал, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілін жүргізу кезінде баға негізгі шарт болып табылады және материалдық ресурстарды ұсыну тек өнім берушіге ғана жол беріледі.
Мұндай бұзушылықтарды анықтау фактілері бойынша Департамент тиісті ден қою шараларын қабылдайды. Аталған шаралар алдын алу сипатында болады және бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Департамент олардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін мониторингілеу және талдау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.