Қызылорда облысының білім басқармасына қарасты ұйым – «Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 «Бөбек» санаториялық бөбекжай балабақшасы» КММ-де жүргізілген тексеріс барысында бірқатар қаржылық заңбұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс-шара Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен шағым негізінде жүргізді. Шағым иесі аталған мекемеде орын алуы мүмкін заңбұзушылықтарға назар аударып, тиісті мемлекеттік органдарға жүгінген.
Департаменттің мәліметінше, аудит барысында тексеруге қамтылған қаржының жалпы сомасы 45,2 млн теңге. Негізгі назар 2023–2025 жылдар аралығындағы балабақшаға алынған азық-түлік өнімдері, және балабақшаға көрсетілген қызметтер бойынша кейбір келісім-шарт міндеттемелерінің орындалуына мәселелеріне аударылды.
Аудит нәтижесінде анықталғандар:
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 0,737 млн. теңгені құрады. Аудит барысында бұл сома толығымен бюджетке қайтарылды. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 14,9 млн. теңге.
«Қаржылық тәртіп пен еңбек заңнамасын сақтау – мемлекеттік ресурстарды тиімді басқарудың негізгі шарттары. Біз азаматтардың әрбір өтінішін мұқият қараймыз, бұл жағдай қоғамдық қатысудың мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудегі маңыздылығын көрсетті», — деп Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті атап өтті.
Аудиторлардың айтуынша, мұндай тексерістер жүйелік мәселелерді анықтап қана қоймай, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға да септігін тигізеді.