Меню

Страницы

Статья

«Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептен қаржылық бұзушылық анықталды

Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Сарыағаш ауданындағы А.Сүлейменов атындағы мектепте ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі арқылы анықталған тәуекелдерге байланысты жүргізілді.

Аудит барысында бірқатар қызметкерлердің еңбекақы төлемдерінде заңнамаға сәйкес келмейтін жағдайлар тіркелген. Кейбір қызметкерлерге артық төлем жүргізілген болса, басқа бірқатарына жалақы кем берілген фактілер анықталды. Сондай-ақ, сауықтыруға арналған жәрдемақылардың есептелуінде де қателіктер орын алған.

Мекеме тарапынан жолданған есептіліктерде салық төлемдері бойынша сәйкессіздіктер болғаны байқалды. Бұл жағдай мекеменің бухгалтерлік есеп жүргізуінде олқылықтар бар екенін көрсетті.

Аудит қорытындысымен жауапты есепшінің өз міндетін тиісінше атқармағаны белгілі болды. Нәтижесінде дебиторлық және кредиторлық қарыздар қалыптасқан.

Департамент тарапынан мекеме қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жалақы мен өзге төлемдерді есептеу тәртібін қатаң сақтау, артық түскен қаражат жөнінде дер кезінде басшылыққа және құзырлы органдарға хабарлау ұсынылды.

Аудиттің түпкі мақсаты – мемлекеттік қаржының мақсатты әрі заңды жұмсалуын қамтамасыз ету.

Дата публикации
22 сентября 2025
Дата обновления
15 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы