Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысында онлайн бюджеттік мониторинг нәтижесінде заңсыз жалақы төлемдері анықталды

Ақтөбе облысында цифрлық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік қаржының заңдылығын бақылау нәтижелі бола түсуде. Қазіргі таңда онлайн бюджет мониторинг жүйесі арқылы білім беру саласындағы қаржының мақсатты және тиімді жұмсалуына ерекше назар аударылуда. Бұл жүйе мемлекеттік қаражаттың ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, түрлі заң бұзушылықтардың алдын алуға да мүмкіндік береді.

Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі арқылы өңірдегі үш бірдей білім беру мекемесінде заңсыз артық еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы мен жалақы аудару фактілері анықталды. Аталған деректер бойынша мемлекетке келтірілген зиян толық көлемде өтелді.

2025 жылы “Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “№5 Хромтау гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі өзінің жеке карт шотына 983 639 теңге артық жалақы аударған. Бұл қаржы тәртібін бұзу дерегі онлайн бюджеттік мониторинг құралдары арқылы анықталған. Бұзушылыққа жол берген бас есепші «сөгіс» түріндегі жауапкершілікке тартылды және қазіргі таңда келтірілген шығын бюджетке толығымен өтелді. 

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың сәуір және мамыр айларында декреттік демалыста жүрген қызметкерге жалпы сомасы 850 000 теңге  еңбекақы аударылған.Қазіргі таңда аталған мектеп қызметкері жұмыстан босатылды.Артық аударылған қаражат бюджетке толығымен өтелді.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың қаңтар айы бойынша жалпы сомасы 353 482, 32 теңгеге еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы артық төленгені анықталды. Бұл заңсыз төлем де онлайн бюджеттік бақылау жүйесі нәтижесінде анықталды. Аталған соманың барлығы бюджетке кері қайтарылды. Бұзушылыққа жол берген бас есепші «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұл жағдайлар бюджеттік тәртіптің маңыздылығын және бақылау механизмдерінің қажеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Қаржы тәртібінің бұзылуы қоғамның мемлекетке деген сеніміне нұқсан келтіреді. Ал мұндай заңсыздықтардың уақтылы анықталуы мен бюджетке залалдың өтелуі — жүйенің тиімді жұмыс істеп тұрғанының белгісі.

Дата публикации
22 сентября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы