Меню

Страницы

Статья

«Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-де мемлекеттік аудит нәтижелері

2025 жылдың 1-жартыжылдығында Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік ішкі аудит департаменті «Арқалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-де мемлекеттік аудит шарасын өткізуді аяқтады. Аудит мемлекеттік бюджеттік қаражаттарды және мемлекеттің активтерін жоспарлау, пайдалану сәйкестігі мәселесіне қатысты жүргізілді.

Мемлекеттік аудитке қамтылған жалпы сома – 384 033,4 мың теңге, анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы – 20 888,2 мың теңге, оның ішінде өтелуге тиісті сома – 3 977,7 мың теңге, қалпына келтірілуге тиіс сома – 16 910,5 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылуынан (мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне әсер ететін) туындаған шығындар сомасы – 17 114,4 мың теңге. Активтерді тиімсіз пайдалану сомасы – 363 145,2 мың теңге.

Аудит барысында Еңбек кодексінің, Әлеуметтік кодекстің, Бухгалтерлік есеп туралы заңның, Ветеринария туралы заңның, Мемлекеттік сатып алу туралы заңның, Мемлекеттік мүлік туралы заңның, бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерінің, даму жоспарларын әзірлеу және бекіту ережелерінің талаптары бұзылғаны анықталды, сондай-ақ Товарищество қызметін реттейтін ішкі құжаттар да бұзылған.

Айта кету керек, аудит барысында кейбір бұзушылықтар бухгалтерлік есеп шоттарына сәйкес бухгалтерлік жазбалар енгізу арқылы жойылды.

Аудит нәтижесінде аталған объектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқау және оларды жасаған жауапты тұлғаларды қарау туралы бұйрық жолданды, сондай-ақ аудит қорытындыларында Товарищество басшылығы тарапынан ішкі бақылау жүйесін күшейту мәселесін қарастыруға, қаржы қызметкерлерінің бухгалтерлік есеп саласындағы біліктілігін арттыруға, аудит нәтижелерін қарау арқылы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге және қайталама бұзушылықтардың алдын алуға ұсыныстар берілді.

Дата публикации
17 сентября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы