Қазақстанда жария мүдделі ұйымдар үшін жылдық қаржылық есептілікті тапсыру қағидалары қолданылады. Ондай ұйымдарға акционерлік қоғамдар (коммерциялық емес АҚ басқа), жер қойнауын пайдаланушылар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерді қоспағанда), қаржы ұйымдары (айырбастау пунктерінен, кредиттік серіктестіктерден, жауапкершілігі шектеулі серіктестік түріндегі ломбардтардан, кепілсіз микрокредит бермейтін ЖШС нысанындағы микрофинанстық ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары, мемлекеттік қатысуы бар ұйымдар жатады.
Аталған ұйымдар жыл сайын белгіленген мерзімде уәкілетті орган айқындаған депозитарийге қаржылық және (қажет болған жағдайда) аудиторлық есептілікті электрондық түрде тапсыруға міндетті.
«Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына сәйкес, жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті Депозитарийге тапсыру тәртібі белгіленген.
Жария мүдделі ұйымдар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей,
депозитарий қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған ұйымға (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым)
заңнамаға сәйкес бекітілген жылдық қаржылық есептілікті тапсыруға міндетті.
Есептілік уәкілетті орган бекіткен нысандар мен тізбеге сәйкес жасалады.
Аудит өткізу міндетті болып табылатын ұйымдар:
Сонымен қатар, ұйымдар ынталы (ерікті) аудиттің нәтижесі бойынша да есеп тапсыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 және 250-баптарына сәйкес,
келесі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:
2024 жылға қаржылық есептілікті уақтылы тапсыру мәселесі бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде:
4 жария мүдделі ұйым Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 015 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.