Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысында бюджет қаражатына бақылау күшейтілді

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаржысына онлайн мониторинг жүргізу жұмыстарын қарқынды жалғастыруда. Қаржылық бақылау білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларының жоғары тәуекелді төлемдеріне бағытталған.

Онлайн бюджеттік мониторинг - бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жүйе. Аталған жүйенің көмегімен күмәнді қаржылық операциялар дер кезінде анықталып, тиісті ұйымдарға хабарламалар жолданып отырады.

Осы орайда, 2025 жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес Департамент тарапынан тәуекелді төлемдерге қатысты жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам 827 хабарлама жолданған. Оның ішінде: білім беру саласына – 2 995,4 млн теңгеге, денсаулық сақтау саласына – 18,5 млн теңгеге, спорт саласына – 15,1 млн теңгеге, мәдениет саласына – 17,7 млн теңгеге.

Тамыз айында Қызылорда қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымында 10,3 млн теңге, Жаңақорған ауданының білім беру мекемесінде 3,0 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз аудару деректері анықталды. Жоспардан тыс аудиттік іс-шара тағайындалып, нәтижесінде 13,0 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылық бойынша нұсқама берілді. Жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды.

Қазіргі таңда анықталған негізсіз төлемдердің жалпы сомасы 122,2 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде 111,1 млн теңгесі бюджетке және білім беру ұйымдарының шоттарына қайтарылды.

Бұл көрсеткіштер Департамент тарапынан бюджеттік тәртіптің сақталуымен қатар, заң бұзушылықтарды алдын ала анықтау және оларды дер кезінде жою бағытындағы тиімді жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Дата публикации
17 сентября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы