Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) қазіргі уақытта тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген жаңа ақпараттық платформаны пайдалану арқылы бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуына тұрақты онлайн-мониторинг жүргізуде.
Жаңа жүйе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы қаржылық операцияларды бақылауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен бюджет есебінен жүргізілетін тәуекелі жоғары төлемдер уақтылы анықталып, бақылауға алынады.
Тәуекел деңгейі жоғары операциялар анықталған жағдайда Департамент тиісті хабарламаларды мониторинг объектілеріне және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жолдайды.
2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тәуекелді төлемдерге қатысты жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам хабарламалар жолданды. Оның ішінде:
2025 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданының білім беру мекемелерінде бюджет қаражатын негізсіз аудару деректері анықталып, осыған байланысты жоспардан тыс аудиттік іс-шара басталды.
Сонымен қатар, Арал ауданының мәдениет саласында да бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталып, тиісті сомалар бюджетке қайтарылды. Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды.
Жалпы алғанда, жолданған хабарламалар бойынша анықталған негізсіз төлемдердің жалпы сомасы 119,0 млн теңгені құрады. Оның ішінде 107,9 млн теңге бюджетке және білім беру ұйымдарының шоттарына қайтарылды.
Бұл нәтижелер Департаменттің бюджет тәртібін қамтамасыз ету, бұзушылықтарды уақтылы анықтау және оларды жедел жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын дәлелдейді.