Меню

Страницы

Статья

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қызметін цифрландыру жөніндегі Жол картасын іске асырудың аралық нәтижелері

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қызметін цифрландыру жөніндегі Жол картасын іске асырудың аралық нәтижелерін қорытындылады.

Бүгінгі күні цифрлық трансформация Комитет қызметінің барлық негізгі бағыттарын қамтиды.

Электрондық аудиттің функционалы Ішкі мемлекеттік аудит қызметтеріне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға кеңейтілді, бұл тексерулер жүргізудің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, камералдық бақылау жүйесі жетілдірілуде, оған келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын талдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін веб-порталда қосымша модуль енгізілуде.

Орындалған жұмыстар актілерін жүктеу және оларды автоматты өңдеу механизмдері әзірленуде, бұл деректерді өңдеу уақытын қысқартуға және қолмен енгізуді азайтуға мүмкіндік береді.

Бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру мақсатында «Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің» ақпараттық жүйесінде «Аудитор» кіші жүйесін енгізу арқылы мемлекеттік аудиттің алдын ала кезеңінде мемлекеттік органдардың бюджеттік өтінімдерін қалыптастырудың негізділігі қамтамасыз етіледі.

Деректерді өзектендіру және салыстыру мақсатында eQazyna.kz, e-License, Мемтізілім және ЗТ МДҚ жүйелерін интеграциялау қамтамасыз етілген.

Цифрландырудың келесі кезеңі интеграциялық шешімдерді дамытуға бағытталған. eGov.kz порталына Аудитордың бірыңғай кабинетінің қосылуы жүзеге асырылуда, ол профилактикалық бақылау тізімдерін және тексерулер кестесін жариялауға мүмкіндік береді, сонымен қатар, «Мемлекеттік аудитті жоспарлау» жаңа компоненті құрылуда, ол мемлекеттік аудит объектілерінің Тізімдерін автоматты түрде қалыптастыруға және олардың орындалуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді.

Комитет Жол картасы іс-шараларын іске асыруды, соның ішінде интеллектуалды талдамалық құралдарды дамытуды және мемлекеттік аудиттің бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды жалғастыруда.

Дата публикации
15 сентября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы