2024 жылға арналған мемлекеттік аудит жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Астана қаласының Қалалық ортаның сапасы мен бақылауы басқармасы» ММ-де қаржылық есептілікке аудит жүргізді.
Аудиттің мақсаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің шынайылығын негізді растау болып табылады.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 025 589,6 мың теңге көлемінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
Тексеру барысында міндетті түгендеудің (ақша қаражаттары, қаржылық инвестициялар, дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысу, бюджет пен мемлекеттік қорлар алдындағы міндеттемелер) жүргізілмеген жағдайлары, сондай-ақ шаруашылық материалдар мен кеңсе заттарына уақтылы түгендеу жүргізілмегені анықталды.
Бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін бұзу фактілері анықталды:
Бұзушылықтар жылдық қаржылық есептілік жасалғанға дейін жойылды. Бухгалтерлік есеп пен есептілікте дұрыс мәліметтерді көрсету бойынша шаралар қабылданды.