Меню

Страницы

Статья

Әдептілікті сақтау, әдепті болу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді. Осы арқылы мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Ол жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деген бес бөлімнен тұрады.

«Бұл кодекстің бізге қажеті қанша?» деген сауалға жауап көп. Иә, әдеп қазақта бұрын да болған, қазір де бар, бола береді де. Бірақ дәл осы нормалардың барлығы мемлекеттік қызметшілердің бойынан табылуы үшін бізге Әдеп кодексі қажет болатыны анық. Негізінен оның басты міндетіне келсек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге қолғабыс боларын тез түсіне қоямыз.

Жалпы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру негізгі міндет ретінде қарастырылған. Ал оның 12 қадамында жаңа этикалық ережелерді енгізу жайының қамтылуы тегін емес. Мақсатына үңілсек, түптеп келгенде мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін әзірлеуге бағытталғанын аңғара қоямыз. Бұл шындығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Ашық мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда айрықша маңызға ие. Ал мемлекеттік қызметкердің бойында әдеп болмай бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру мүмкін емес те.

Президент неге «Ашық мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға тиіспіз дейді? Бұл бірінші кезекте халық пен билік арасындағы алшақтықты жақындатады. Ал өзара түсіністік қалыптасқан қоғамда жүйе боларын айтпаса да жақсы білесіздер. Бірақ оның жүзеге асуына басты себеп осы әдеп екенін ұмытпаған абзал. Себебі Әдеп кодексінде көрсетілген барлық нормаларға сай жұмыс жасаған мемлекеттік қызметші өз саласында сыбайлас жемқорлыққа да мүлде жол бермейтіні анық.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде, мемлекеттік қызметшілерге Әдеп Кодексін сақтау және мемлекеттік қызметші атына нұқсан келетін жат қылықтарға жол бермеу туралы ұдайы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. 

 

 

       ҚР ҚМ ІМАК

Ақмола облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті орынбасары –

Әдеп жөніндегі уәкіл

Шарап Сейітқасымұлы Сәдуақасов.

 

 

 

Дата публикации
15 сентября 2025
Дата обновления
21 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы