Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен қатар өткір тұр.
Сыбайлас жемқорлық-бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейі мен ауқымы экономикалық дамуды тежейді, инвестициялық ахуалға теріс әсер етеді және еліміздің имиджін төмендетеді.
Азаматтық қорғау органдары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің басты мақсатымыз. Бұған қол жеткізу үшін біз барлық қажетті шараны қолданамыз. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді. Осы маңызды құжат аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, сондай-ақ бүкіл жүйенің жұмысындағы өзгерістер үшін негіз болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламаны әзірледі.
Аталған құжат негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, қызметкерлер арасында жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу бойынша ұдайы түсіндірме жұмыстары атқарылады.
Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді.
Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер Департаментте жүзеге асырылып келеді. Әр сыбайлас жемқорлық әрекетінің жауапсыз қалмайтынын әрбір қызметкердің білуі біз үшін маңызды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жарияланады.
2023 жылғы 01 қыркүйекте Президент өзінің "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға барлық бағыттар бойынша жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрекетсіздік азаматтардың наразылық сезімдері мен құқықтық нигилизмнің өсуіне әкеледі.
Біздің Департаментте жемқорлықтың алдын алу бойынша мақсатты жұмыстар ұдайы жүргізілуде.
---
ҚР ҚМ ІМАК Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті орынбасары –Әдеп жөніндегі уәкіл Шарап Сейітқасымұлы Сәдуақасов.