Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тұрақты негізде қаржылық бақылау саласындағы бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ мемлекеттік бюджет кірісіне әкімшілік айыппұлдар сомаларын өтеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді.
2025 жылдың 8 айында Департаментпен 507 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде:
Әкімшілік практика нәтижелері бойынша есепті кезеңде жалпы сомасы 59 620 012 теңгеге айыппұл салынды, оның 59 600 352 теңгесі бюджет кірісіне өндіріліп алынды.
Департамент ҚР ӘҚБтК 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізу нормаларын белсенді қолданады. Бұл құқық бұзушыларға қаулы шығарылған сәттен бастап жеті тәулік ішінде белгіленген соманың 50% мөлшерінде айыппұл төлеуге мүмкіндік береді, осылайша өндіріп алу процесін жеделдетеді және әкімшілік жүйеге жүктемені азайтады.
Жүргізіліп жатқан жұмыс бюджеттік процеске қатысушылар арасында қаржылық тәртіп пен құқықтық сананы арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.