Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен азамат А.-ның өтініштері негізінде «Қостанай облысы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) аудиттік іс-шара жүргізілді.
Аудиттің мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 2023 жылғы 21 шілдеде жасалған №120 келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылған «Облыстық маңызы бар „Тобыл – Садчиковка – Сергеевка“ автожолының 5 шақырымдық бөлігін зияткерлік көлік жүйесінің (ЗКЖ) элементтерімен күтіп-ұстау жұмыстарының бюджет қаражатын пайдалану негізділігін тексеру.
Аудит нәтижесінде 266 815,9 мың теңге сомасына қаржылық сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, Мекеме тарапынан техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін жұмыстар үшін өнім берушіге төлем жүргізілген. Яғни, орнатылған жабдық Сыртқы жүйелермен (ЕРАП) интеграцияланбаған, бұл техникалық талаптарға қайшы болып табылады.
Аудит барысында Мекеме тарапынан бұзушылықтар жойылып, төмендегі жұмыстар толық орындалды:
Аудит қорытындысы бойынша Мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жолданып, жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру ұсынылды.
Мекеменің ресми жауабына сәйкес, мекеме басшысына тәртіптік жаза ретінде "ескерту" түріндегі шара қолданылған.