Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысындағы мемлекеттік аудит және әкімшілік жауапкершілік: Заң бұзушылықтар мен салынған айыппұлдарға шолу

2025 жылдың 30 тамызындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген әкімшілік практикасы бірқатар заң бұзушылықтарды және оларға қатысты қолданылған шараларды айқындайды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік аудит салаларында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар үшін көптеген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2025 жылдың 30 тамызына дейін Түркістан облысы бойынша 397 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 89,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның ішінде 83, 9 млн теңге өндіріліп, өндірілмеген сома 7% ғана құрап отыр. Бұл көрсеткіш ішкі аудит департаментінің әкімшілік істерді тиімді жүргізіп отырғанын білдіреді.

Жүргізілген әкімшілік істердің басым көпшілігі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 207, 238, 462 баптарына сәйкес келетін құқықбұзушылықтармен байланысты болған.

Аталған мәліметтер Түркістан облысындағы мемлекеттік мекемелерде қаржылық тәртіптің бұзылу фактілері әлі де бар екенін көрсетеді. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу мен бухгалтерлік есеп жүргізу салаларында жиі орын алатын бұзушылықтар – бюджет қаржысын тиімді және мақсатты пайдалану мәселесіне қатысты елеулі қауіп туғызады.

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің әкімшілік практикасы мемлекеттік қаржыны басқарудағы ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз етуде маңызды құрал болып отыр. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалар саны мен салынған айыппұл көлемі бұл жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын дәлелдейді.

Сонымен қатар, аталған статистика мемлекеттік мекемелердің қаржылық мәдениетін арттыру, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын күшейту қажеттігін көрсетеді. Бұл бағыттағы шаралар                          мемлекеттік аудиттің сапасын арттырып, қаржылық тәртіпті нығайтуға септігін тигізбек.

 

Дата публикации
05 сентября 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы