Меню

Страницы

Статья

«Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесін дамыту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бұзушылықтарға ерте ден қою мен алдын алудың маңызды құралы болып табылатын, «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің функционалы дәйекті түрде кеңейтіп келеді.

Ағымдағы жылдың көктемінде ОБМ модулінде мониторинг объектілеріне хабарламаларды қалыптастыру және тарату функциясы сәтті автоматтандырылды, бұл хабарландыру процесін айтарлықтай жеделдетуге және жауап берудің жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

Тамыз айында бюджеттік процестерді тереңірек және нақты талдауды қамтамасыз ететін жаңа мүмкіндік – жасанды интеллект элементтерімен мониторинг нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру енгізілді.

Аналитиканы кеңейтуге ерекше назар бөлінді. Қыркүйек айында тәуекелдердің 7 жаңа бейіні әзірленді, олар тек ағымдағы төлемдерге ғана емес, өткен кезеңдердегі төлемдерге де қолданылады. Бұрын анықталмаған заңсыз төлем схемаларын ретроспективті түрде анықтауға және мониторингтің қамту аясын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

 Ағымдағы жылдың 9 айында модулімен 1,4 млн-нан астам бюджеттік төлемдерге скоринг жүргізілді, 135,4 мың операция бойынша тәуекелдер анықталып, 6,9 мыңнан астам хабарлама жіберілді, 1,3 млрд теңгеден астам сомаға негізсіз төлемдер расталып, оның ішінде 861,2 млн теңгесі ерікті түрде бюджетке қайтарылды.

Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров атап өткендей: «Онлайн бюджеттік мониторинг» тек талдау жүйесіне ғана емес, мемлекеттік қаражатты қорғаудың пәрменді тетігіне айналуда. Біздің аудиторлардың заманауи технологиялары мен көп жылдық тәжірибесінің үйлесімі бұрын байқалмай қалуы мүмкін схемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Біз бюджеттің әрбір теңгесі азаматтардың игілігі үшін жұмыс істейтініне, ал кез келген теріс пайдалану ерте кезеңде тоқтатуға көз жеткіземіз».

ОБМ модулін дамыту жалпы бұл бұзушылықтарды тіркеуге ғана емес, сонымен қатар оларды алдын алуға бағытталған заманауи цифрлық жүйені құруға бағытталған қадам.

 

 

Дата публикации
03 сентября 2025
Дата обновления
08 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы