2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік сатып алу жүйесінде сатып алу рәсімдерінің ашықтығын, тиімділігін және құқықтық айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған кезең-кезеңімен реформалар жүргізілуде. Осы реформаның негізгі бағыттарының бірі – камералдық бақылаудың рөлін күшейту болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 425 бұйрығымен мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру қағидаларына 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, енгізілген өзгерістер:
2025 жылғы заңнамадағы жаңартулар – бұл жай ғана формалды өзгерістер емес, мемлекеттік сатып алуға деген сенімді арттыруға бағытталған жүйелі шаралар.
Осы тұрғыда камералдық бақылау – күмәнді шарттардың жасалуына жол бермейтін және жеткізушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін сүзгі рөлін атқарады.