Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудит органдарындағы кадрлық жұмыс: басымдықтар мен стандарттар

Мемлекеттік бақылаудың тиімділігі туралы сөз қозғағанда, біз әдетте әдістерді, сандарды, тексеру нәтижелерін еске аламыз. Алайда бұл үдерістердің артында адамдар тұр. Білікті, адал, ынталы мамандар. Олар тек "тексеруді" ғана емес, жүйенің қай тұста ақау беретінін көріп, оны жақсартуға да көмектесе алады.

Мемлекеттік аудит органдарындағы кадрлық саясат — бұл жай ғана кадрларды есепке алу емес. Бұл — стратегиялық жұмыс. Себебі мықты мамандарсыз ешбір есептің салмағы болмайды.

Қызметкерлердің кәсібилігі жүйелік тәуекелдерді анықтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ықпал ету және қоғамның мемлекеттік басқару институттарына деген сенімін нығайту қабілетіне тікелей әсер етеді.

Мемлекеттік аудит жүйесінде кадрлық жұмыс бірнеше стратегиялық міндетті іске асыруға бағытталған:

  • Кәсібилік. Үздіксіз оқу мен даму — міндетті шарт. Аудитор үлкен деректермен жұмыс істей алуы, заманауи әдістерді меңгеруі және сыни ойлау қабілетіне ие болуы қажет. Кадрлық жұмысты дамытудағы маңызды қадамдардың бірі — Комитеттің «Аудитор қалқаны AI» бағдарламасын әзірлеуі, ол аудиттердің кәсіби деңгейін арттыруға және ынталандыруға бағытталған.
  • Кадрларды тарту және ұстап қалу. Әділ мотивация жүйесі мен мансаптық өсу мүмкіндігі — тұрақты кадрлық әлеуетті қалыптастырудың негізгі шарттары.
  • Кадрлық резервті қалыптастыру. Жастармен жұмыс, бейінді жоғары оқу орындарымен байланыс, тағылымдамалар мен тәлімгерлік бағдарламаларды дамыту — кадр құрамын жоспарлы түрде жаңартып, құзыреттер тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді.
  • Этика мен қызметтік тәртіп деңгейін сақтау. Мемлекеттік аудит органдарының қызметкерлеріне адалдық, тәуелсіздік және этикалық нормаларды сақтау тұрғысынан жоғары талаптар қойылады.

Мемлекеттік аудит органдарындағы кадрлық саясат — бұл нұсқаулықтардың жиынтығы емес, бұл — стратегияның көрінісі. Бұл — сапалы нәтиже үшін адамдармен жүргізілетін жұмыс. Бұл — қоғамның мемлекетке деген сенімін қызметкерлердің кәсібилігі, адалдығы мен құзыреттілігі арқылы қалыптастыру жолы.

 

Дата публикации
20 августа 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы