Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 27 аудиторлық іс-шара өткізілді.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 14 938,0 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 11 536,4 млн.теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу 751,1 млн. теңгені құрады.
Аудит нәтижелері бойынша Департаментпен қабылданған шаралармен анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 6010,0 млн.теңгесі немесе 69,3 пайызы жойылды.
Анықталған бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке 24 лауазымды тұлға тартылды.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2,7 млн теңге айыппұл салынып, оның 2,3 млн теңгесі өндірілді.