Түркістан облысының білім басқармасының «№8 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесінде 29, 86 млн. теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Аудит барысында анықталған мәселелердің ішінде бюджетке өтеуге 0, 28 млн теңге, ал 23, 64 млн. теңге бухгалтерлік есепте көрсетілмеген немесе бухгалтерлік анықтамалар арқылы қалпына келтіруге жататын қаражаттар болды. Қызметкерлердің жауапкершілігін анықтау және бұзушылықтарды жою мақсатында Кәсіпорынға тиісті нұсқамалар жолданып, оның нәтижесінде 23, 64 млн. теңге сомасындағы қаржы қалпына келтірілді.
Түркістан облысының білім басқармасы мен «№8 колледж» ұжымы қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуге баса мән беріп отыр. Бұл ішкі аудит нәтижелері Кәсіпорын қызметіндегі жауапкершілікті арттыруға және қаржылық есептілікті одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.