Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сәйкестік аудитін жүргізіп, 1168, 62 млн теңге көлеміндегі жұмыстарды орындау, тауарлар жеткізу және қызметтер көрсету барысында қаржылық бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы Үміт көшесі №3А және №3Б үйлеріне қатысты бірқатар жұмыстардың орындалмағаны белгілі болды. Аудит барысында құрылыс барысында орындалуға тиіс, алайда нақты жүзеге аспаған келесі міндеттемелер анықталды:
Бұл жұмыстар мен құрал-жабдықтар жеткізілмей, құрылыс жобасы толыққанды орындалмаған.
Анықталған кемшіліктерге байланысты Ішкі аудит департаменті мекемеге ресми нұсқама жолдап, бұзушылықтарды жоюды және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Мекеме тарапынан анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылданып, барлық қаржылық бұзушылықтар қалпына келтірілді.
Бұл жағдай мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету жолындағы қаржылық бақылаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.