Меню

Страницы

Статья

Түркістан облысында «Аграрлық несие корпорациясы» филиалына қатысты аудит нәтижесінде 51 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

 Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті арыз негізінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының қызметіне жоспардан тыс аудит жүргізіп, бірқатар елеулі қаржылық бұзушылықтарды анықтады.

Аудит аясында 2025 жылғы 26 мамырда филиалдың мониторинг маманы, жер кадастры және тіркеу саласының қызметкері, сондай-ақ ішкі аудит мамандарының қатысуымен несиенің кепілдемесіне қойылған төрт жылжымайтын мүлікке тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, төрт нысанның тек біреуінде ғана нақты үй ғимараты бар екені белгілі болды. Қалған мүліктер іс жүзінде жоқ немесе талапқа сай келмеген.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкер «Нурдаулет» несие қаражатына сатып алынуы тиіс болған 82 бас түйені мүлдем сатып алмағаны анықталды. Бұл жағдай несие қаражатының мақсатқа сай пайдаланылмағанын көрсетеді.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 51 миллион теңгеге жуық қаржылық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 40,8 миллион теңге көлеміндегі несие негізсіз берілген деп танылса, пайдаланылмаған сомаға есептелетін 10,2 миллион теңге айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, мониторинг жүргізу процесінің талапқа сай орындалмауы да анықталған.

Жеке кәсіпкер тарапынан азаматтық-құқықтық міндеттемелердің бұзылуы және тиісті кепілдік нысандарын бақылауға алу жұмыстарының жеткіліксіздігі, корпорация тарапынан белгіленген кепіл саясаты мен рәсімдерінің сақталмауына себеп болған.

 

Дата публикации
14 августа 2025
Дата обновления
20 октября 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы