Меню

Страницы

Статья

Түркістан облыстық дезинфекция орталығында мемлекеттік сатып алу мен қызмет төлемдерінде заңбұзушылықтар анықталды

     Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығында жүргізілген ішкі аудит барысында бірқатар қаржылық және ұйымдастырушылық бұзушылықтар анықталды.

      Аудит нәтижесінде орталық директоры тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде белгіленген талаптардың сақталмағаны белгілі болды. Атап айтқанда, бір көзден алу тәсілімен жасалған қызмет көрсету шарты заңнамада бекітілген мерзім талаптарына сәйкес келмеген. Бұл әрекет үшін жауапты лауазымды тұлғаға айыппұл салынған.

         Сонымен қатар, көрсетілген қызметтерге қатысты бірнеше негізсіз төлем фактілері анықталды. Атап айтқанда, ақпан айында жеңіл автокөлік қызметіне жасалған төлемдердің ішінде 0,85 млн. теңге сомасындағы қаражат нақты қызмет көрсетілмеген күндерге төленген. Бұл қаржы тиісті құжаттармен расталмаған, нәтижесінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол берілген. Алайда келтірілген залал толығымен өтелген.

        Осыған ұқсас тағы бір жағдайда, дәл сол автокөлік қызметі үшін 13 жұмыс күніне        1, 392 млн теңге төлем жүргізілгенімен, нақты қызмет көрсетілмегені анықталды. Бұл жағдай да қажетті құжаттық негізсіз төленген сома ретінде танылып, бюджетке келтірілген зиян өтелді.

     Аудит нәтижелері орталық басшылығы тарапынан мемлекеттік қаражатты басқарудағы бақылаудың әлсіздігін және рәсімдердің тиісті деңгейде орындалмағанын көрсетеді. Қаржылық тәртіпті күшейту және осындай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жауапты тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

      Мемлекеттік аудит органдары бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуы – халық сенімін арттырудың басты кепілі екенін еске салады. Алдағы уақытта да мұндай тексерістер жүйелі түрде жалғасатын болады.

Дата публикации
14 августа 2025
Дата обновления
28 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы