Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылдың наурыз айында облыстың төрт мекемесінде 2024 жылға арналған қаржылық есептіліктің жоспарлы аудитін аяқтады
Аудит ұсынылған қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен негізділігін, бухгалтерлік есептің жай-күйін сондай-ақ тексерілген мекемелердің жалпы қаржылық жағдайын бағалау мақсатында жүргізілді
Аудит нәтижелері бойынша жалпы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңнама талаптарына сәйкес келетіні анықталды.
Сонымен бірге елеулі бұзушылықтар анықталды Бақылау іс-шаралары барысында жалпы сомасы 134,6 млрд теңгеге бұзушылықтар тіркелді оның ішінде:
* 2,2 млрд теңге бюджетке өтелді және бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді;
* 132,4 млрд теңге процедуралық бұзушылықтарды құрады
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жіберілген аталған кемшіліктер аталған мекемелердің 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне айтарлықтай әсер еткенін атап өткен жөн